«Ашық аспан-2016» халықаралық армия ойындарына қатысатын үздіктер анықталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарының әртүрлі кезеңдеріне дайындық қызу жүріп жатыр. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің ауқымында ӘШҚҚ әскерлерінің бөлімшелерінде сайыс аяқталды. Онда Ресей Федерациясының аумағында өткізілетін «Ашық аспан-2016» халықаралық армия ойындарына қатысу үшін ЗҚЗК, ЗУ-23-2 үздік есептоптары мен бөлімшелері анықталды.

Жарысқа 50-ге жуық адам қатысты. Командаларды «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері ұсынды. Сайыс 5 кезеңде өтті. 7,2 шақырымдық тұйықталған бағдар бойынша зениттік бөлімшелердің спринтерлік жарысы, машиналар жылдамдық учаскесінен, ирелеңнен, сегіздіктен, БТР нысаналары бойынша атыс учаскесінен, тікұшақ және т.б. өтті. Тасымалданатын зениттік зымырандық кешендер бөлімшелерінің спринтерлік жарысы 13,2 шақырымдық бағдар бойынша өтті.  Онда шартты тікұшақтың нысаналары, әуе нысаналарының имитаторлары бойынша атыс жүргізілді, ізінше атты және шеңберді, тосқауылдарды және т.б. өтті. Зениттік бөлімшелерді қудалау жарысы 8,9 шақырымға, ЗҚЗК бөлімшелерін қудалау жарысы 17,2 шақырымға созылды. Зениттік бөлімшелер мен ЗҚЗК бөлімшелерінің құрамдастырылған эстафетасы шешуші кезең болды. Қорытындысы бойынша үздік бөлімшелер іріктелді. Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері бірінші, «Шығыс» ӨңҚ екінші, «Оңтүстік» ӨңҚ үшінші, «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері төртінші болды. Әрі қарай әскерлерде халықаралық кезеңге дайындық өтеді. Ресей Федерациясындағы сайысқа аттанатын жеңімпаздар мен қатысушылар ағымдағы жылдың маусымында анықталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"