Артиллерияшылар оқу атыстарын өткізді

ҚР Қарулы Күштерінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизонына қарасты 10181 әскери бөлімінде бөлім бөлімшелерімен «Майлино» оқу-жаттығу полигонында оқу атыстары өтті.

Әскери қызметшілер АК-74-тен оқу атыстарының 1-жаттығуы мен МТ-дан оқу атыстарының 1-жаттығуын орындады. Әскери қызметшілер АК-74-тен оқ ату кезінде «Жаяу әскердің шабуылдаушы (шегінуші) тобы» межесі бойынша оқ атты. Алыс қашықтықтағы 2 бойлық фигура – 300-250 м, жақын қашықтықта – 200-150 м және оқшашарлық есептоп – 250-200 м. МТ-дан оқ ату кезінде әскери қызметшілер 25 метр қашықтықта «Шеңбері бар кеуде фигурасы» нысанасы бойынша оқ атты. Бөлімнің жеке құрамы оқ атулар кезінде жоғары нәтижелер көрсетті. Қорытындысы бойынша баға көрсеткіштері қойыла отырып, әрбір әскери қызметші бағаланды. Ең жоғары нәтижелер көрсеткен майор М.Өркенов, аға сержант А,Әнуарбеков, сержант Н.Сағындықов, сержант Н.Шәріпов болды. Оқу атыстарының өткізілуі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығындағы маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатынын айта кетейік. Бұл жерде атыс қаруынан ұрысты жүргізу шеберлігі мен дәлдігі ұшталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"