Артиллерияшылар анттан айнымайды

Артиллерияшылар анттан айнымайды

30212 әскери бөлімінде артиллерия кіші мамандарын даярлайтын әскери мектеп бар. Оқу ордасы Құрлық әскерлері әскери бөлімдеріне өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы қаруының, «Д-30» қаруының, минаатқыш, топогеодезист және есептеуші бөлімшелердің командирлерін, барлау және нысананы көрсетуді есептеу бастықтарын, артиллериялық қондырғының механик-жүргізушілерін даярлап келеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне топогеодезист, барлаушы, калибрі 20 мм кем болмайтын зеңбірек, гаубица, миномет т.б. артиллериялық қаруларды меңгерген жігіттерді даярлауда әскери мектеп жеке құрамының еңбегі зор.
Олар бүгінгі таңда кешегі жауынгер-аталарымыздың жолын жалғастырып келеді. «Артиллерия» деген сөздің өзі адамның тұла бойына қорқыныш сезімін ұялатса, оны игере білетін адамға мақтаныш сезімін ұялатады.
Осы орайда 30212 әскери бөлімінің артиллерия кіші мамандарын даярлау әскери мектебінің ұжымы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өркендеуі жолында қызмет етіп келе жатқан артиллерия әскерлерінің мамандары, оқытушылары, курсанттарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.
Жауынгерлік дайындық, кәсіби деңгейлеріңіз жоғарылай берсін, әскери қызметтің қиыншылықтарына табандылықпен төтеп беретін, физикалық, психологиялық және идеологиялық тұрғыда дамыған нағыз маман болуларыңызға тілектеспіз.
Г.САМАШОВА
30212 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП