Арнайы мамандықтар бойынша сабақтар

Арнайы мамандықтар бойынша сабақтар

Түркістан облысының Арыс гарнизонындағы оқ-дәрілер арсеналының техникалық аймағындағы төтенше жағдайға байланысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 54770 әскери бөлімінің базасында Семей гарнизоны минасыздандыру тобының қатысуымен жиын өтті.

Кезекті минасыздандыру тобына 54770, 30217, 36803, 44736, 44793, 32388 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 әскери қызметші тартылды. Олар жүйке-психологиялық төзімділік пәні бойынша психологиялық тестілеуден өтіп, жарылғыш заттарды іздеуге, табуға, залалсыздандыруға, жоюға жеке құрамды жіберу жөнінде сынақ тапсырды. Арнайы мамандық бойынша сабақтарда артиллериялық, авиациялық, инженерлік оқ-дәрілер құрылысының теориясы мен жарылғыш заттарды іздеу ережесін оқыды. Сондай-ақ, әскерилер жарылғыш заттарды жою жөнінде тәжірибелік дәрістерге де қатысты.

   Айта кетейік, Арыста әскери саперлер заманауи материалдар және радиоэлектронды базалардың қолданылуымен жасалған мина іздегіштердің көмегіне сүйеніп, минадан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні оқиға орнында оқ-дәрілер жарылысының салдарын жоюда тәжірибе жинақтаған әскери қызметшілердің тоғыз тобы бар. Оларға аймақты жарылмаған оқ-дәрілерден түгелдей тазарту бойынша кешенді іс-шаралар міндеті жүктелген. Ал, 54770 әскери бөлімінің саперлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери полигонында тактикалық дайындық бойынша теориялық білімдерін ұдайы тәжірибе жүзінде бекітіп келеді. Минасыздандырудың жолын салу мен жолдарды қалпына келтіру үшін мина-қапқан немесе басқаратын миналар қалау, айналма жолдарды миналау секілді тапсырмаларды жауынгерлікке жақындатылған жағдайда сапалы түрде орындайды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи