Арнайы комиссия тексеруді бастады

Арнайы комиссия тексеруді бастады

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығы бойынша оқ-дәрілердің сақталуы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мұқият тексеру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде тексеруді бастаған арнайы комиссия құрылды.

Комиссия құрамына оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру саласында арнайы техникалық білімдері, сондай-ақ өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті практикалық тәжірибелері бар жоғары білікті құзыретті әскери мамандар кірді.  Аталмыш әскери қызметшілер қызметті ҚР Қарулы Күштерінің бөлімдерінде, құрамалары мен базаларында оқ-дәрілерді,  зымыран-артиллериялық қару-жарақты сақтаумен байланысты командалық лауазымдарда, оның ішінде, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары (2004-2005 жж.) запастағы генерал-майор В. Назаренко мен ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы запастағы генерал-майор М. Дайыров (2016-2018 жж.) лауазымдарында қызмет атқарды. Жұмыс барысында комиссия оқ-дәрілердің сақталуы шарттары мен тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексереді, төтенше жағдайлардың ықтимал қауіп-қатерлеріне баға берілді, сондай-ақ орындарда практикалық көмек көрсетіледі және оқ-дәрілердің сақталуы нысандарының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде шаралар айқындалады. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи