Армиялық палуандар татамиге далалық киім үлгісінде шығады

Алматы қаласында армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша «Қазақ жауынгері» чемпионатын өткізу жоспарлануда. Онда сайыстың өткізілу тарихында алғаш рет армиялық палуандар татамиге кимонодад емес, броньды кеудешемен далалық киім үлгісінде шығады.

урнирге түрлерді, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың намысын қорғайтын 150-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындары қатысады. «Дене даярлығы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік әзірлігінің негізгі элементі болып табылады. Армиялық қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілерді дайындауда айрықша мәнге ие.  Турнирдің жоспарланбалы пішімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінің аумағында өткізіледі», - дейді Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығы полковник Расул Мейірманов. Сайысты өткізу ережелері де өзгерді. Ағымдағы жылы турнир екі кезеңде өтеді. Командалық есепте «стенка на стенку» пішімінде, сондай-ақ «Қазақ жауынгері» атағына абсолюттік салмақ дәрежесінде жеке сынақта жеңімпаздар анықталады.  Сөзсіз, жауынгерлерді дайындаудағы күрделілік татамиге далалық киім үлгісінде шығумен негізделеді. Мұндай киім-кешекте жарысқа түсу қолайсыз, алайда, бұл өзгерістер қызметтік міндеттерді орындауға әскери қызметшілерді барынша дайындауға бағытталған. Себебі, ұрыс алаңында оларға спорттық немесе әскери киімді таңдауға мүмкіндік болмайды», - деді армиялық қоян-қолтық ұрыстан АОСК штаттық командасының бастығы майор Мұрат Бижанов.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"