Армияда теріс ағымдарға жол жоқ

Армияда теріс ағымдарға жол жоқ

Құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу және алдын алу мақсатында ҚР Қарулы Күштері бойынша онкүндік өткізілді.  Аталған шара Алматы облысының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерін де қамтыды.

Онкүндіктің басты мақсаты – еліміздің қауіпсіздігіне қауіп тудыратын маңызды факторларды болдырмау. Аталған онкүндік аясында Талдықорған әскери полициясы бөлімінің мамандары әскери бөлімдер мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен кездесіп, лекция өткізді. Әскери қызметшілерге әлемде және елімізде болып жатқан діни процестер жайлы және әртүрлі радикалды діни ағымдар туралы толық ақпарат берді.

Әскери қызметшілермен теріс ағымдар туралы жан-жақты мәлімет беріліп, өзара талқыланды, көрнекілік ақпарат бұрыштарына арнайы дайындалған насихат парақшалары ілінді. Әскери бөлім мен мекеме аумағына бөгде адамдардың және деструктивті әдебиеттің кіруінің алдын-алу мақсатында бақылау өткізу режимдерінің күшейтілуіне баса назар аударылды.

Кездесу барысында жеке құрамға «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізгі талаптары жеткізіліп, түсіндірілді. Сонымен қатар «Армияда теріс ағымдарға жол жоқ» ұранымен акция өткізілді.

Кездесу соңында мамандар әскери қызметшілердің тақырып аясында қойылған сұрақтарына жауап берді. Оған қоса дінге қатысты кез келген мағлұмат алу үшін Алматы облысы Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 8 800 080 28 95 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс істейтіні және тәулік бойы республикалық «қауырт желі-114» телефондары қызмет ететіні жеткізілді.  

 

Капитан Н.ЗЕЙТЕНОВ

Талдықорған гарнизоны әскери

полициясы бөлімінің аға офицері

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"