Армия ойындарында 12 елдің мергендері қазақстандық қару-жарақ пен техниканы қолданады

Армия халықаралық ойындарының екі байқауына қатысу үшін Қазақстанға келетін мергендер мен артиллерияшылар қазақстандық қару-жарақ және әскери техникамен сайыстарға қатысады.

«Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» байқаулары үшін Драгуновтың мерген винтовкасы, 120 мм 2Б11 минаатқышы және көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқыш (КЖБТ) белгіленді. Талаптарға сәйкес байқауда командаларға техникалық сипаттамалар бойынша үлгілер бекітілген үлгілерге баламалы болған жағдайда өзінің қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалануға рұқсат етілген. Осыған орай, Ангола, Армения. Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, ОАР-дан келген 12 команда, оның ішінде, біздің әскери қызметшілер қазақстандық тараппен ұсынылған әскери техника және қару-жарақпен жарыстарға қатысатын болады.   Байқауларға өзінің қару-жарағы және техникасымен тек қана Ресей қатысады. Себебі, дәл сондай үлгілері бар.   Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі байқаулар Қазақстанда алғаш рет өтетінін естеріңізге сала кетейік. Үздік мергендер мен артиллерияшылардың бәсекеге түсіп, бақ сынасатын жері «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны болмақ. Екі байқауды өткізу үшін ол жерде қажетті инфрақұрылым дайындалып қойылды. Артиллерияшылар байқауы үшін кедергілері бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдар.         Мергендер байқауы үшін мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы мен шептерінің элементтері бар тас жол. Армия халықаралық ойындары Қазақстанның аумағында 2 тамызда басталады. Бүгінгі күні 13 қатысушы ел қатысуға ниет білдіріп отыр. 8 мемлекет, яғни, Аустрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы Қазақстанға өздерінің бақылаушыларын жіберуге әзір.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"