Армия ойындарына әлемнің 28 елі қатысады

Әлемнің 28 елі шілденің 29-ы мен тамыздың 12-і аралығында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Әзірбайжан мен Қытай Халық Республикасының аумақтарында өтетін «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысына қатысады.

Қатысушылар 28 аталым бойынша бақ сынайды. Оның ішінде бесеуі бұрын болмаған жаңа сайыстар. Конкурста ТМД мен алыс шетелдің танкішілері, ұшқыштары, артиллерияшылары мен саперлері бақ сынасады. 

Әскери қызметшілер «Танк биатлоны», «Суворов тегеуріні», «Мерген шебі», «Әскери барлаудың үздіктері», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Авиадартс», «Аспан кілті», «Теңіз кубогы», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Десанттық взвод», «Эльбрус шығыршығы», «Ашық су», «Қауіпсіз бағдар», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Рембат», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Далалық ас үй», «Әскери-медициналық эстафета», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Қару шебері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары» және т.б. санаттар бойынша қатысады.  Аталған сайыстардың барлығы Ресей, Қазақстан. Беларусь, Әзірбайжан, Қытай елдерінің аумағында өтеді. Ондағы 17 сайысқа 366 қазақстандық ат салысып, еліміздің намысын қорғамақ. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"