«Армия мен халық – бір»


Алматы облысы Жаркент қаласында орналасқан 74261 әскери бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес жоспарланған мерекелік іс-шарасының негізінде ғасырлар бойы бабаларымыздың отансүйгіштік қасиетін кейінгі жас ұрпаққа үлгі тұту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы 10-11 сынып оқушыларына «Армия мен халық бір» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Аталған ерлік сабағына Панфилов аудандық Ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы Т.Теткусизов, Ауған соғысының ардагері М.Дауренбеков және Панфилов аудандық Қорғаныс істер бөлімінің бастығы М. Тайболатов, Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы Б.Ахметов сондай-ақ аудандық Жастар ісі ресурстық орталығының маманы А. Батырхан қатысып, өздерінің жастарға деген өсиеттерін айтты.

Мерекелік іс-шараға жиналған қонақтар шараны ұйымдастырушы 74261 әскери бөлімінің командирі А.Асанбайға алғыстарын білдіріп, оқушылар арасындағы кездесулердің тарихымызды зерделеп, жастарға патриоттық тәрбие берудегі мәнінің зор екендігіне тоқталып өтті.

Тәуелсіздік жолында күрескен аталарымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жиналған жас буынды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан «Армия мен халық бір» тақырыбындағы ерлік сабағын 74261 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы майор М.Кунчаев ашты.

Сөз кезегін алған Панфилов аудандық Ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы Т.Теткусизов Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген нақыл сөзімен сөзін бастап, Ауған соғысына осы Панфилов ауданынан 104 азаматтың қатысқанын, соның 8-і шейіт болғаны және 32 азаматтың мүгедек болып оралса, 70-тен астамы қазіргі кезде ата болып, ұрпақ өрбітіп, немере мен шөбере сүйіп отырғанын айтып жеткізді. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерін тастап шыққанына 30 жыл толатындығын да айтып өтті. Оқушылардың Отанға адал, еліміздің патриоты болуларына шақырды. Себебі Отанды, халықты, жерді қорғау әр жас буынның келешектегі азаматтық парызы екендігіне тоқталып өтті. Осы мерекелік шараға қатысып отырған шәкірттердің тарапынан сұрақтар қойылып, келешекте ұлдармен қоса біршама қыздардың да әскери, заң және полиция маманы болсақ деген арман тілектері бар екендігі білінді.

Өскелең ұрпақтың санасына тың ойлар беретін, елі мен жерін қастерлеп, атамекеннің әр тасын көзінің қарашығындай сақтайтын ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде әскери патриоттық ерлік сабақтарының маңыздылығы өте зор. Сөз соңын қортындылаған Ш.Уәлиханов атындағы мектеп директоры А.Дарубаева ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік, білімділік пен ұлттық құндылықтарымыздың, тарихымыздың әрдайым асқақ болуы керек екендігін айта келе, «Армия мен халық бір» тақырыбындағы ерлік сабағына қатысқан ардагерлер мен қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, Ш.Уәлиханов мектебінің көркемөнерпаздар ұйымының концертін тамашалауды ұсынды.

Майор М. Кунчаев

74261 әскери бөлім командирінің тәрбие және

идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары–

бөлім бастығы

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"