Армия халықаралық ойындарының қатысушылары Отанға оралды

Армия халықаралық ойындарының қатысушылары Отанға оралды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Армия халықаралық ойындарының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды.

Астана әуежайында Ресей Федерациясынан оралған «Танк биатлоны», «Күзет сақшысы» және «Адал дос» байқауының қатысушылары, Армия халықаралық ойындарының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу өтті. Бұл командалар өздерінің номинацияларында сәтті өнер көрсетіп, сайыс «қожайындарынан» қалыс қалмай екінші орынды иеленді. Күтіп алушылардың ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылығы, әскери қызметшілердің қаруластары мен жақын туысқандары.

Кездесуде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов әлемдік аренада қазақстандық армияның намысын лайықты түрде қорғаған бағыныстыларын мақтан ететінін айтты. Мұндай кездесулер еліміздің өзге қалаларында да болып өтті. «Команданың жауынгерлік рухы жоғары деңгейде болды.

Отыз сегіз градус аптап ыстыққа және қатты ылғалдылыққа қарамастан, біздің жігіттер 10 шақырым қашықтықты бір сағат үш минутта жүгіріп өтіп, шыдамдылық бойынша тек қытайлық командадан жеңіліс тапты, - деп Қытай Халық Республикасында командамызға жетекшілік еткен ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов Алматы қаласына келгеннен кейін өз әсерімен бөлісті. Дәл осы күндері өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен жеке құрамы халықаралық байқауларға қатысқан өз қаруластарын салтанатты түрде күтіп алды. Жақын арада қорытынды шығару және Армия халықаралық ойындарына қатысқан әскери қызметшілерді мадақтау жөнінде іс-шаралар жоспарлануда.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений