Армия генералын еске алуға арналды

Жақында ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қахарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың құрметіне арналып «Мен – патриотпын» жарысының кубогы сарапқа салынды.

Жарысқа Семей өңірінің жалпы білім беретін орта мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің үздік оқушылары қатысты. Олар әскерилендірілген кросс, граната лақтыру, пневматикалық қарудан оқ ату секілді сынақ жұмыстарын тапсырды. Бұл бастамаға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы, Семей қаласындағы алғашқы әскери дайындық орталығы және Семей қаласы әкімшілігінің ішкі саясат және білім бөлімдері жетекшілік етті.

Жарыстың жалпы мақсаты – орта мектеп оқушыларының арасында патриоттық тәрбиенің тәсілдері мен формаларын жетілдіру, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір сүруді насихаттау, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша дайындық деңгейін тексеру, болашақ Отан қорғаушылардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыру. Патриоттық сайыста жүлделі орындарды жеңіп алған командалар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағановтың мақтау грамотасымен марапатталды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"