«АрМИ-2017» сайысына дайындыққа маңыз берілді

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы, Гвардейск және Жетіген гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды.

Гвардейск гарнизонындағы жұмыс барысында ведомство басшысы байқаудың өткізілу аудандарын, Армия халықаралық ойындары – 2017 қатысушы командаларының тұру жағдайларын, бағдарлардың орналасуын, сондай-ақ кедергілер жолағын еңсеру тәртібін тексерді.

Ірі сайыстардың өткізілу маңыздылығын, әскери қызметшілердің кәсіби машықтары мен шеберліктерін атап өтіп, генерал-полковник С. Жасұзақов «АрМИ-2017» сайысын өткізуге дайындық жұмыстарын әрі қарай сапалы орындау жөнінде Қарулы Күштердің басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ағымдағы жылы Қазақстан аумағында үш байқау өтетінін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Мерген шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы». Жетіген гарнизонында инспекциялау барысында Қорғаныс министрі 65229 әскери бөлімінің нысандары мен қамтамасыз етілуін тексеріп шықты. Сондай-ақ оңтүстік өңірге жұмыс сапары шеңберінде генерал-полковник С.Жасұзақов шалғай гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін алғаш рет өз жұмысын бастаған Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығы аумағындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің жұмысын тексеріп қайтты.

Министрмен кездесу кезінде балалар дене даярлығы бойынша нормативтердің орындалуын паш етіп, лагерьде демалу кезінде алған әсерлерімен бөлісті. Одан басқа, Алматы қаласында Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалына барып, балалар үйірмесінің, әскери-тарихи мұражайдың, әскери оркестрдің жұмысын әрі қарай оңтайландыру және Армия үйінің инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту жөнінде орталық басшылығына бірқатар тапсырмалар белгіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"