Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталды

35748 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылғана 26 толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

Аталған Шымкент гарнизоны 35748, 55652, 10216 әскери бөлімдері мен Ұлттық гвардия 6505 әскери бөлімінің жеке құрамдары қатысты. Сонымен қатар, қонақ ретінде тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары ОҚ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері қоғамының төрағасы запастағы подполковник Б.Алдабергенов бастап келген Ж.Нұрымбетов, полковниктер Р.Халмуратов, А.Керімбаев, К.Кенжебаев, подполковниктер С.Омарбеков, С.Молдабаев және тағы басқа да ардагерлер қатары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында ардагер әскери қызметшілер қатары төсбелгілермен, әскери қызметшілер мен қызметкерлер қатары әскери-патриоттық тәрбие беру жолында атқарған адал еңбектері үшін мадақтамалармен марапатталып, алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласып, әскери оркестр мен әншілер өз өнерлерін көрсетті.

 

Қызметкер Ж.СЕЙДУЛЛА

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи