Ақмола гарнизонындағы 240 әскери қызметшінің отбасылары жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды

Ақмола гарнизонындағы 240 әскери қызметшінің отбасылары жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды

ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу жылында Астана қ. 40-станциясының әскери қалашығында әскери қызметшілерге салтанатты жағдайда қызметтік пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі өтті.

Әскери қызметшілерге арналған екі бес қабатты үйді ҚР Қарулы Күштерінің барлық нысандары құрылысының ұйымдастырылуын жүргізетін «Әскери құрылыс» АҚ бас мердігері салды. Су жаңа пәтерлердің кілтін ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Сұлтан Камалетдинов табыстады.

Қоныс аударғандарды құттықтап, сөз сөйлеуі барысында ол «әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің ұдайы бақылауында екенін атап өтті».

«Бүгін біз жаңа пәтердің кілтіне ие болдық. Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Менің ойымша бұл сөзсіз әскери қызмет өткеру үшін жайлылық пен мүмкіндік береді. Бөлмелер кең, жарық, пәтерде барлығы дайын. Жиһаз бен жеке заттарымызды алып келу ғана қалды», - деді салтанатты рәсімде 3-сыныпты сержант Рахат Тұрсынбаев.

Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда айрықша көңіл бөлінетін Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений