«Алтын үкі» халықаралық жарыстарына қатысушылар жарылғыш заттарды залалсыздандырды

Қарағанды облысының іргесіндегі «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі» VIII халықаралық мергендік жұптар сайысының екінші кезеңі жалғасуда.

Таңғы 8-ден күн батқанға дейін қатысушылар түрлі жаттығуларды орындайды. Әр әскери қызметшіден барынша төзімділік пен мергендік көрсету талап етіледі. «Жарылғыш заттарды залалсыздандыру» жаттығуына қатысушылар жарылғыш затқа қарай тіке жүргізілген сымды тоқтатуы тиіс болатын. Іс жүзінде сымды қалай тоқтату керектігі жаттығуды орындау нәтижелерімен қоса, оны орындайтын адамның өміріне де қатысты. Ойды жинақтау, терең демалу, байсалды болу - бұлар нысананы дәл тигізу факторларының барлығы емес. Әр қатысушы бұны жақсы түсінеді. Кезекті кезең қандай нәтижемен аяқталса да жарысқа қатысушылардың барлығы ертең оларды жаңа сынақтар күтіп тұрғанын біледі. Биылғы жылғы жарыстың ерекшелігі қатысушылардың өз қаруларымен келуінде болып отыр. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"