«Алтын Үкі-2016» жарыстарының екінші кезеңі қазақстандық мергендердің зор жеңісімен аяқталды

Қарағанды облысының іргесіндегі «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Алтын Үкі-2016» халықаралық жарыстарының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде сайыстарға қатысушылар жеке жаттығуларды орындады. Нәтижесінде қазақстандық мергендер жеңіске жетті.

Сонымен, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері тағы да жеке сынақта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өздерінің лайықты кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Қазақстандық әскери қызметшілер үшін бірден жеңіс әкелген келесі кезең – «Алтын Үкі-2016» үшінші кезеңі болатын. Бұнда мергендік жұптар құрамы жаттығуларды топтасып орындауы тиіс болатын. Әскери қызметшілердің айтуынша, осындай жаттығулардың мақсаты жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде біртұтас мүше ретінде жұптасқан қимылдың жинақылығына байланысты болады. Үшінші кезеңде қатысушылар «Табу және жою» және «Маған көмектес» жаттығуларын орындады. Бірінші жаттығуда жұптардың біреуі ара қашықтықты анықтап алып, екіншісі нысананы түзетуді орындайды. Екінші жаттығуда – бірінші мерген екіншісінен көмек күтеді, сайыстың шарты бойынша көрсетілген жерден серіктесі оқ әкеліп беруі тиіс. Бұл кезеңнің жаттығуы жылдамдықты, өзара түсіністікті және серіктестер арасындағы нақты жинақы іс-қимылды қажет етеді. Естеріңізге сала кетсек, «Алтын Үкі-2016» жарыстарына Қытай, АҚШ, Ресей, Белорусь, Ұлыбритания, Пәкістан елдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күштік ведомстваларының мергендері қатысуда. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады. Мақсат еткен наградаларын алуға барын сала отырып жарыстарға қатысушылар әр жаттығуды бар ынтасымен және зергерлік дәлдікпен орындайды. «Оқты бірінші атқан емес, дәл тигізген адам жеңіске жетеді», - дейді қатысушылар.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"