Алматыдағы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері тауда зардап шеккен әйелді құтқарды

Алматы қаласында «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жетекшімен тау дайындығы, альпинизм және құзға өрмелеу бағдарламасы бойынша сынақтық шығудан қайтып келе жатқан кезде топтан қалыс қалып, жападан жалғыз қалған әйелді тауып алды.

Анықталғандай, әйел қозғала алмапты, себебі, сол аяғын сындырып алған.  Әскери-патриоттық клубтың 6 тәрбиеленушісі оларға клубта үйреткен нәрселерді жасады, яғни, жараланған әйелге алғашқы көмек көрсете бастады. Әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі 7-сынып оқушысы Думан Манапов әйелді жедел жәрдем орналасқан жерге жеткізу үшін зембіл ретінде жадағай-палатканы қолдануды ұсынды.   Бозбалалар 2 шақырымдай төмен түсіп, әйелді қолдарымен көтеріп әкелді. Зардап шеккен әйел «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері алғысын білдірді. Ол уақытта балалардың дайындығын атап өткен және өздерінің жаттықтыру базасына шақырған ТЖМ қызметкерлері де келіп үлгерді. Ол жерде тәрбиеленушілерге қосымша жаттығуға және дағды алуға мүмкіндік беріледі.  «Киров» әскери-патриоттық клубы Алматыда ең үлкен клуб болып табылатынын айта кетейік. Оған 75 бала барады, оның 20-сы жетімдер. Әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Бақытжан Перімбетов толыққанды альпинистік дайындықпен, балалармен бірге құзға өрмелеумен айналысады.  Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери-патриоттық клубының қызметіне жетекшілік етеді. ҚІЖД-нің әскери қызметшілері жан-жақты көмек көрсетеді, осындай клубтардың дамуына барлық жағдай жасайды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, балаларды әскери қызметшілердің балаларына арналған жазғы лагерьге тегін жіберу жоспарлануда. Одан басқа, қазіргі уақытта ТЖМ қызметі «Киров» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің көрсеткен батылдықтары үшін марапаттау мәселесін қарастыруда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"