Алматыда жас офицерлердің шығарылымы өтті

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында лейтенанттардың шығарылымының салтанатты рәсімі өтті. Түлектер арасында «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі бар диплом алған 8 оқу үздігі бар.

Салтанатты шығарылымға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, оқу орнының қолбасшылығы, ата-аналар, жергілікті атқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Институт Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттері қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп дайындау тізбесіне енгізілгенін естеріңізге сала кетейік. Ағымдағы жылдың бітірушілері арасында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының офицерлері бар. Салтанатты шара барысында қонақтарға қоян-қолтық ұрыс, қарумен саптық амалдар бойынша курсанттардың көрсетпелі көрсетілімдері, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі паш етілді. Салтанатты іс-шара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасуы және жас лейтенанттардың дәстүрлі вальсімен аяқталды. Құрлық әскерлерінің Әскери институты құрылған жылдан бастап оқу орнының мәртебесін асқақтатып, қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштерінде қызмет өткеріп жатқан әртүрлі мамандықтар бойынша 18000-нан аса офицер дайындалғанын айта кеткен жөн. Түлектердің біршамасы ірі әскери бөлімшелер мен ведомстваларды басқаруда, жоғары әскери атаққа ие болып, үкіметтік наградаларды иеленіп отыр.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"