Алматыда ақпараттық-имидждік жұмыс мәселелері талқыланды

Алматыда әскери ведомствоның ақпараттық саясатын тиімді іске асыру мәселелері жөнінде жоғары оқу орындары әскери кафедраларының бастықтарымен әдістемелік-нұсқау беру сабағы өткізілді.

Сабақ барысында маңызды үрдіс пен заманауи әлемде ақпараттық аспаптарды дамытуды ескере отырып, ҚР Қарулы Күштері ақпараттық-имидждік жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.
«Бүгінде ақпарат қоғам өмірінде маңызды рөлге ие болып отыр. Ақпараттық орта бір орында тұрған жоқ. Жаңарып, әр минут сайын өзгеріп сала береді. БАҚ-та Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін сапалы ұйымдастыру мен жедел түрде жария ету, әскери кәсіп пен әскери қызметтің рөлін арттыру мәселелеріне басымдық мән беріледі. Армияның оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйелі, жоспарлы және ұйымдасқан-негізделген сипатқа ие болып отыр. Қазіріг кезде бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілуде», - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра бастығы, әдістемелік-нұсқау беру сабағына қатысушы полковник Олег Ажимов.
Одан басқа, имидждік жұмыс шеңберінде Алматы гарнизонының командалық құрамы үшін БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау, ақпараттық ортада әртүрлі жағдайларға ден қоюдың қажетті тетіктерін әзірлеу мәселелері жөнінде жетекші қазақстандық журналист Сергей Пономарев шеберлік сағатын өткізді. ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің ақпараттық саясатын іске асыру бойынша ұдайы негізде іс-шаралардың кең ауқымын өткізіп тұратынын айта кету қажет.
Сонымен, 2017 жылы алғаш рет «Әскер-Медиа-2017» республикалық баспасөз фестивалі өткізілді. Жыл сайын экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары, сондай-ақ республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері үшін тақырыптық баспаөз турлары өткізіледі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"