Алматы қаласы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері жаппай жүгіруге қатысты

Салауатты өмір салтын насихаттайтын жаппай спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп таулы жерде Алматы жартылай марафонын ұйымдастырды.

Жыл сайынғы халықаралық жүгіру сайысы Орта Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара болып табылады. Сәреге 300-ге жуық әуесқой спортшы шықты. Олардың арасында Алматы қаласы әскери-патриоттық клубтарының 50-ден аса тәрбиеленушісі бар. Жартылай марафон алғаш рет Іле Алатауы бөктерінің таулы ландшафтында алғаш рет өткізілді. 18 бен одан үлкен жастағы қатысушыларға қашықтық ұзындығы 21,5 шақырымды құрайды. Сайыс қорытындысы бойынша шақырылуға дейінгі жастар арасында №72 орта мектебінің оқушысы Жұмахан Саламат, екінші орынды «Киров» әскери-патриоттық клубы теңіз жаяу әскері взводының командирі Дидар Ғалымжанұлы және үшінші орынды №19 орта мектебінің оқушысы Бақдәулет Рамазанов жеңіп алды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметінің негізгі бағыттарының бірі және бүгінгі таңда аталған салада жиі түрде бірқатар спорттық және зияткерлік сайыстар өткізілетінін айта кету қажет.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"