Алматы гарнизонында әскерилерді несиелендіру мәселелері талқыланды

Алматы гарнизоны әскери прокуратурасы банк өкілдерінің қатысуымен Әскери басқармалар және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналысын жиі ұйымдастырып тұрады. Онда негізінен әскерилер тарапынан алынған несие мен оны өтеу мәселелері талқы таразысына түседі.

Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының талдауына сай, бүгінгі таңда Алматы гарнизоны бойынша 1600-ға жуық әскери қызметкер банктерден 2 миллиард теңгеден астам көлемде несие алған. Соның ішінде кейбір әскери қызметкерлер 3 және одан да көп несие алғаны анықталып отыр. Уақыты өтей алмаған кейбіреулерінің жалақысына сотпен шектеу қойылған.

Жиналыста әскери қызметкерлерді несиелендірудің мәселелері жан-жақты талқыланып, нәтижесінде бірқатар шешімдер қабылданды. Соның бірі 2-ші деңгейдегі банктер несие беру алдында оны алушыдан әскери бөлімнің (қызмет орнынан) анықтамасын міндетті түрде талап ету, әскери бөлімнің басшылығы ай сайын берілген анықтамаларды қатаң түрде есепке алып, сараптама өткізуге талап етілген. Өйткені екінші деңгейдегі банктер «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-не берілген несиелер туралы мәліметтерді міндетті түрде жолдайды және сол серіктестікте талданады.

         Әскери прокуратура әскери бөлімдер мен мекемелер басшылықтарымен бірге несие алған әскери қызметшілердің тізімі жүргізілуде. Ай сайынғы несие төлемі жалақысының жартысынан асқан әскери қызметшілер ерекше бақылауға алынуда, олармен және отбасымен күнделікті сұхбаттар жүргізіледі.   

Осындай шараларды қолдану өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы мен бүгінгі күнге дейін несиеге байланысты өзіне қол жұмсау фактісі әскерилер арасында орын алмаған. Әскери прокуратура органдарыалдағы уақытта да әскери қызметкерлерді несиелендіру мәселесін одан әрі бақылауға алуды жалғастыра бермек.

 

Әділет подполковнигі  Т.Аңдамасов

Алматы гарнизоны

әскери прокурорының орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"