Алдын-алу жұмыстары жүргізілді

2018 ағымдағы жылдың әскери прокуратураның үйлестіруші рөлінің нәтижесінде гарнизонның әскери нысан басшылықтарымен және құқық қорғау органдарымен конструктивті қарым-қатынас қамтамасыз етілді. Бұл жалпы заңдылық және құқық тәртібінің жағдайын заңға сәйкестендірді. Атап айтқанда, атаулы құжат құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесін егжей-тегжейлі  шешуге мүмкіндік береді.

Ағымды жылы гарнизон прокуратурасы әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін және жарақаттану деректерін алдын-алу, сонымен қатар денсаулығы мен өмірін сақтауын қамтамасыз етуіне басты көңіл бөлді. Барлық санаттағы әскери қызметшілерге өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу салдары бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізіліп тұрады.

Осы орайда бағдарламаның сапалы орындалуының арқасында ағымдағы жылы өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелген жоқ, жарақаттану саны екі есеге төмендеді.

Ұлттық ұлан және Шекара қызметі әскери бөлімдерінде әскери қызметтен бас тарту, дезертир жағдайлары және қылмыс азайып, реттеліп келеді.

Ағымдағы кезеңде Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілерді спорттық-бұқаралық шараларға тарту, дін істері жөніндегі мамандармен, банк секторларымен, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандарымен кездестіру ұйымдастыруды белсенді қолға алған. Осындай жұмыстар нәтижесінде Ақтөбе гарнизонында әскери қызметшілерге арналған спорттық жаттығу залы ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әскерге дейінгі жастағы жасөспірімдердің бойына патриоттық сезімді ұялату, сонымен қатар болашақ әскерге шақырушылар арасында құқық бұзушылықты төмендету мақсатында Ақтөбе облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, 2 мектепте мамандандырылған кадет класы ашылды.

                                                                                                                        Е.Сыздыков

Ақтөбе гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

                                                                                                     әділет аға лейтенанты                                              


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана