Алдағы жоспарды айқындаған маңызды құжат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы жолдауын талқылау бойынша мектептің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаевпен кездесті.

Кездесу барысында Ғазиз Тұрысбекұлы ең бірінші биылғы Жолдаудың қазан айында жариялануының себебі онда көрсетілген нұсқаулардың келесі жаңа жылға дейін жоспары жасалып, оларды шешу жолдарын қарастыруға уақыт болу керектігін айтып түсіндірді.

Әрі қарай бұл жолдау елімізді одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы екенін айта келіп, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасының ашып көрсеткенін айтты. Қалай болғанда да қарапайым халықтың бір серпіліп қалғаны анық. Ерекше қуантатыны, ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс – ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы. Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін – ұстаздар. Сонымен бірге Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. «Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр», - деп түсіндірді Ғазиз Тұрысбекұлы.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жас ұландықтар қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Біз Елбасымыздың жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз!

Мұндай кездесу – жас ұрпақ өміріндегі маңызды тәрбиелік сәт. Сол сияқты елдің қазіргі жағдайы көрсетілген, алдағы міндеттер айқындалған жолдауды талқылау біздің елдің барлық азаматтары үшін маңызды екені анық.

Капитан М.Смағұл

Генерал С. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

ТжӘҚЖБ идеология және арнайы

насихаттау бойынша офицері

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"