Алакөл өңірінде сарбаздар әскери ант қабылдады

26 мамырда Ұлан подполковнигі С.Рамазанов басқарып отырған Үшарал гарнизоны 40398 әскери бөлімінде сарбаздар әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау рәсіміне жан-жақтан сарбаздардың ата-аналары, туыстары келіп қатысты.

Тарих беттеріне үңілетін болсақ, жаугершілік заманында талай батырларымыздың арғымағы қасиетті Алакөлден ауыздықпен су ішіп, өздері етікпен су кешті. Бір ғана Қаракерей Қабанбайдың осы жердің әр түйір тасы үшін ел басына күн туғанда қол бастап, елін-жерін жаудан қорғағаны баршамызға аян. Кең байтақ қазақ жері – ата-бабаларымыздан қалған мұра. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» осындай алып аумақты алып жатырмыз. Әскери ант қабылдау – ежелгі замандардан сақталған дәстүр. Оның қазіргі заманғы мағынасы мен рәсімдері еліміздің Қарулы Күштерінің түпкі мақсат-мүддесін, халық пен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлерінің сипатын көрсетеді. Әр әскери қызметші әскери ант қабылдау кезінде өзінің еліне, жеріне деген адалдығын жеткізеді.

Бөлім командирі ұлан подполковнигі С.Рамазанов: «Сіздердің Отан алдында ант қабылдап, тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтып және оны қорғау үшін аттаған қадамдарың құтты болсын! Сіздер – Отан қорғау сапында тұрған әскерилер, Отан алдындағы міндеттеріңізді абыроймен өтеп, тәуелсіз елдің туын биік ұстап, ел мәртебесін арттыра түсуге үлес қосады деп сіздерге сенім артамыз. Бойына намыс пен жігерді, батылдық пен ержүректілікті, еліне деген сүйіспеншілікті жалау еткен сіздердей жастарымызбен мақтан тұтамыз!», - деп өз құттықтау сөзін аяқтады.

Әскери ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан соң, ата - аналар балаларының жататын казармасын, асханасын, спортпен айналысатын кешенін көріп, әскери бөлім қызметшілеріне ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

Ж.Касымжанова

40398 әскери бөлімі байланыс қызметінің офицері,

ұлан капитаны

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"