ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Ағайындылар өз қызметін адал атқарып жүр

27943 әскери бөлімі артиллерия дивизионының 3-ші батареясында қатардағы жауынгерлер ағайынды Серік және Әлишер Габдуллиндер Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Олар өзінің бұл қызметін зор абырой санайды.

Бүгінгі таңда олар ата-анасының берген тәлім-тәрбиесін әскери тәртіппен ұштастыра отырып, жауынгерлік дайындық пен мемлекеттік-құқықтық даярлықтан үздік сарбаздардың қатарында жүр. Атап өтер болсақ, Габдуллин Әлишер 2017 жылдың қаңтар айында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен бокстан өткен турнирде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Осы жетістігімен ол өзге сарбаздарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Және де, сәуір айында өткен бақылау тексеруде Серік  пен Әлишер сынақтан сүрінбей өтіп, еңбектері жоғары бағаланды.

Әлишер өзінің ағалық жауапкершілігін біліп, інісі Серікке барынша қамқорлық көрсетіп келеді. Габдуллин Әлишерге спортта және жеке бас тәрбиелігінен жоғары көрсеткіштерге қол  жеткізгені үшін әскери бөлім командирі 10 күндік демалыс берді.

Осындай сарбаздар біздің әскери бөлімде отан алдындағы борышын атқарып жүргендері әрине кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатады.

Майор А.Тоқтарханұлы

27943 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?