ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әйелдер кеңесінің отырысы өтті

21751 әскери бөлімінде Талдықорған гарнизонына қарасты әскери бөлімдердегі әйелдер кеңесінің отырысы өтті.

Жиынды отырыс төрағасы ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің бастығы, генерал-майор М.Таласов  ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сәйкес Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдердегі әйелдер кеңесінің  2017 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.  Өзінің баяндамасында М.Таласов әйелдер кеңесінің әскери ортадағы дау-дамайларды, әскери қызметшілер отбасындағы келіспеушіліктер мен жанжалдарды шешуде, әскери әйел қызметшілердің құқықтарының тапталмауын қадағалауда қаншалықты маңызды рөл атқаратындығы жөнінде тоқталып өтті.

Жиында сөз сөйлеген  ҚР ҚК әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Жасұзақова, ҚР ҚК ӘҚК әйелдер кеңесінің төрайымы  Е.Орманбетова ханым, ҚР ҚК ДШӘ әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Жұмакеева ханым, 21751 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің төрайымы А.Избасова ханым ағымдағы жылдың жарты жылдығында әйелдер кеңесінің атқарған жұмыстарын талқылап, әйелдер кеңесі жұмысының жақсы жақтарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Талдықорған гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің әйелдер кеңесінің құжаттарын тексеріп өтті. Отырыста көптеген сұрақтар қойылды, әйелдер кеңесінің артықшылықтары жөнінде айтылып, жиынға қатысушыларға әдістемелік көмектер көрсетілді.

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау, ақпараттың қолжетімділігі үшін әскери бөлімдердегі және жоғарғы штаб әйелдер кеңесінің сенім телефондары барлық әскери бөлімдердің ақпараттық бұрышында ілінген.

Айта кетейік, 6-10  тамыз аралығында Балқаш қаласында 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Талдықорған гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің әйелдер кеңесінің қорытынды жиналысы өтетін болды. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"