ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әуе шебін қорғаушыларға арналған сабақ өтіі

Әуе шебін қорғаушыларға арналған сабақ өтіі

   Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өту аясында 54835 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семейдегі 27-ші орта мектепте «Әуе кеңістігі сенімді қолда» тақырыбында сабақ өткізді.

   Оқушыларға 1944 жылы 14 наурызда Моңғол Халық Республикасының Ундер-Хан қаласында құрылған 54835 әскери бөлімі жеке құрамы ұрыс қимылдары кезінде барлауға 37 мәрте шығып, 116 жауынгерлік ұшу жасағаны, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен 224 адам марапатталғаны, соғыс аяқталған соң Одақтың әуе шекарасында жауынгерлік күзетті сапалы жүргізу міндеті жүктелгені туралы айтылды. Бүгінгі күні десантшыларды түсіру, тасымалдау және эвакуациялау, құрлық әскерлеріне атыс қолдауын көрсету, көздеп бомба лақтыру үшін арналған модернизацияланған Ми-8МТ тікұшағын және орта көлемдегі тікұшақтардың арасында көш бастаушы EC-145 тікұшағын бағындырудағы армиялық авиация ұшқыштарының зор жетістіктері жайында да баяндалды. Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерінің түрлері мен еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындары бойынша мол ақпарат та берілді.

   Ерлік сабағын радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс торабы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақдәулет Шарахметов, радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс торабы (сымды және радиорелелік байланыс құралдарын) қызмет ету тобының бастығы аға лейтенант Нұралы Махмгалиев, штабтың командалық пункті автоматтандырудың кешенді жүйесінің топ инженері аға лейтенант Еркін Оспанов, (армиялық авиацияның) авиациялық эскадрильясы авиациялық буынының (штурман) ұшқышы лейтенант Ершат Жапсарбаев, мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік-құқықтық даярлық қызметінің бастығы ҚР ҚК қызметшісі Жанаргүл Кәкімжанова жүргізді. Мектеп бітіруге әзір отырған ұл-қыздар «Әуе кеңістігі сенімді қолда» тақырыбындағы сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз сауалдарына жауап алды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане