Әуе қорғанысы күштерінің әскерлері Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтті (ФОТО)

Тіл – халықтын жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Бүгінгідей азаттықты ту еткен бейбіт заманымызда жеріміздің шетін жау баспасын деп егемен еліміздің тыныштығын қорғап келе жатқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне бағынысты Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдері арасында Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің мерекесіне арналған іс-шараларды өткізу жоспарланды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Қазақстан Республикасының халқы тілдерінің күні» мерекесі жыл сайын кең көлемде аталып өтеді. Осы мерекеге байланысты іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні мерекесіне орай айлық өткізу жоспарланған. 2016 жылғы 8 қыркүйек күні аталған айлық төңірегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшылығы басқармасында «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» ұранымен байқау-конкурс ұйымдастырылып өткізілді.

Байқау-конкурс Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрін, өнерін, мәдениетін және ұлттар достастығын нығайтуға, сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi білуге бағытталған.

Аталмыш конкурс ҚР ҚК ӘҚК БҚБ  тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник  Серік Базарбекұлы Исмаиловтың басқаруымен ТжИЖ ББ-ның мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі аға офицері майор А.Қапсаттарованың ұйымдастыруымен, жеке құрамның жауаптылықпен қарауының, атсалысуының арқасында жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға  Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасынан құралған «ЫНТЫМАҚ» командасы, Әскери-әуе күштерінің «АҚСҰҢҚАР» командасы, 19132 әскери бөлімінің «БАУЫРЛАСТАР» командасы, 47462 әскери бөлімінің «САРЫАРҚА» командасы, 21140-Б әскери бөлімінің «БАКУ» командасы, 44813 әскери бөлімінің командасы, 21140-К әскери бөлімінің «ҚАМҚОР» командасы қатысты.

Конкурстың құрметті қонақтары Қазақстан Әзербайжан Одағының президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, академик Видади Салахов, ҚР ҚМ МТД басқармасының қызметкері Ұлтуған Оразбекова және Татар орталығының қызметкері Асел Ергарина.

Іс-шараны өткізу мақсаты: тілдер туралы білімдерін кеңейту, тілдерге деген махаббат пен құштарлығын арттыру, халықтар арасындағы достық пен өзара келісімді нығайту, сонымен қатар мемлекеттік тілдің ҚР-нда үлкен рөл атқаратынын баса айту.

Байқау-конкурстың 1-кезеңінің шарты бойынша әр команда 2 минут ішінде өздерінің командаларын таныстырулары қажет. Барлық таныстырулар мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Команда құрамында 3 адам өзге ұлт өкілі және 2 адам жергілікті ұлт өкілі болуы керек. Олардың қаншалықты өздерін шебер таныстыратындарын бағалайтын әділ қазылар алқасы 5 ұпай төңірегінде өздерінің ұпайларын берді.

Сәттілік тілеп ортаға шығарған командалардың барлығы да өздерін шебер таныстыра білді. «Ынтымақ» командасының таныстыруы талапқа сәйкес, әрі жоғары деңгейде болды.

Байқауға қатысушылардың екінші тапсырмасы өздеріне алдын ала берілген халықтың салт-дәстүрімен таныстыру ретінде театрландырылған көрініс көрсетті. Бұл ретте де қазылар алқасы көріністі көрсетудегі әртістік шеберліктеріне, ұлттық киімге, шығармашылық ойларына назар аудара отырып 5 деген ұпаймен бағалады. Көппен көрген ұлы той демекші барлық команда көпшілікті қолдана отыра , басты рөлдерде команда мүшелері болып әр ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп шықты. Мәселен, ұйғыр ұлтының салт-дәстүрі Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының командасы, украин ұлтының салт-дәстүрімен 25745 әскери бөлімінің командасы, түрік ұлтының салт-дәстүрімен 19132 әскери бөлімінің командасы, орыс ұлтының салт-дәстүрімен 47762 әскери бөлімінің командасы, әзербайжан ұлтының салт-дәстүірімен 21140-Б әскери бөлімінің командасы, кәріс ұлтының салт-дәстүрімен 44813 әскери бөлімінің командасы, татар ұлтының салт-дәстүрімен 21140-К әскери бөлімінің командасы көрсетті.

Салт-дәстүрді көрсету барысында әртістік шеберліктері, шығармашылық ойлары, мемлекеттік тілде түсінікті қылып жеткізе алулары, ұлттық тағамдар мен ұлттық костюмдерді көрсету дәрежелері жоғары деңгейде байқалды.

21140-Б әскери бөлімі командасының әзербайжан ұлтының салт-дәстүрін көрсетулері шебер жасалған, 25745 әскери бөлімі украин ұлтының дәстүрін не бары 5 адаммен шебер жеткізе алды. Ұйғыр ұлтының салт-дәстүрін көрсеткен ҚР ҚК ӘҚК БҚБ жеке құрамы шығармашылық таныта отырып берілген  аз уақыттың ішінде ұйғыр халқының үйленуге қатысты барлық салт-жораларын көрсете алды. Қалған татар, украин, орыс ұлттарының мәдениетін көрсеткен командалар да ұлттың дәстүрін қызықты етіп көрсетуде шеберлік таныта алды.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бірінші орынды 21140-К әскери бөлімі иеленді, екінші орын ҚР ҚК ӘҚК БҚБ жеке құрамының үлесіне тисе, үшінші орын екі команда арасында бөлінді: 25745 әскери бөлімі мен 47762 әскери бөлімі.

Қатысқан командалардың барлығына грамоталармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Майор Ақбота Қапсаттарова



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"