Әскери институттың курсанттары алғаш рет Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағында ұшып көрді

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының «Хлебодаровка» далалық әуеайлағының базасында 4-курстың курсанттары  ұшу тағылымдамасынан өтуде.«Командалық-тактикалық армиялық авиация» мамандығы бойынша білім алып жүрген ұшқыш курсант Темірлан Молдахметов пен штурман курсант  Батырхан Ақкошкаров институттың 20 жылдық тарихында алғаш рет Ми-8МТ тікұшағында нұсқаушысыз өз беттерімен ұшты.

«Осы ұшу  басталар алдында мен шамалы толқыдым. Кез келген сәтте қателіктеріңді түзетіп, бастаманы өз қолына алатын нұсқаушымсыз штурвалдың тізгінін ұстаған үйреншікті емес. Институтымыз құрылған кезден бастап біз курсанттық экипаж құрамында ұшуға сеніп тапсырылған алғашқы курсанттармыз және біз барлық ұшу кезеңдерін «үздік» деген бағаға орындадық», - деді курсант Темірлан Молдахметов.  
Бұл Темірлан мен Батырхан үшін өмірлеріндегі есте қаларлық күн болды. Институт бастығы полковник Мұрат Қажымұратов курсанттарды құттықтап, оларға ұшу практикасында және ұшу мамандығын сәтті меңгеруде сәттілік тіледі. Болашақ әскери қызметшілер өздігінен ұшуға дейін анағұрлым дайындалған болды. Олардың әрқайсысы сынақты үздік бағаға тапсырды. Және олар өздігінен ұшуға моральды тұрғыда әзір болды. «Ұшудағы барлық тапсырмаларды олар профессорлық-оқытушылар құрамы берген теориялық білім мен нұсқаушылардың берген практикалық  білімі оларға таңдалған мамандықты және авиациялық техниканы жылдам меңгеруге көмектескенін дәлелдеп, «үздік» деген бағаға орындап шықты», - деп ұшқыш-нұсқаушы капитан Қанат Ахметов атап өтті.
ӘҚК Әскери институтында материалдық базаны жетілдіруге және оқытудың озық технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтейік. Курсанттардың ұшу тағылымдамасы екінші курстан басталады және жыл сайын өткізіледі. Ұшу басталғанға дейін барлық курсанттар жерүсті дайындық курсы бойынша сынақтарды ойдағыдай тапсырып, Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағындағы ұшуларға кірісті. Курсанттарға қажетті білімді, шеберлік пен машықты игеруде ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің жауынгерлік бөлімдерінен келген тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.  Бүгінгі күні жас ұшқыштарды дайындау бойынша институттың оқу авиациялық орталығы мамандарының мол тәжірибелері бар.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"