Әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттары белгіленді

ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен Қарулы Күштердің командалық құрамымен  селекторлық кеңес өтті.

Отырыста ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық армияның жоғары жауынгерлік әзірлігін, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығын, Қарулы Күштерде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті ұстап тұру мәселелері бойынша ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған тапсырмаларды жеткізді.

Кеңес барысында Қорғаныс министрі бағынысты құрамалар мен бөлімдердегі істердің жай-күйі, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылуы, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының баяндамаларын егжей-тегжейлі тыңдады. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде командалық құрам мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, сондай-ақ, әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын нақтыландыра түсті.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"