Әскерилердің тұрмысымен танысты

Әскерилердің тұрмысымен танысты

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 54770 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен ашық есік күні ұйымдастырылды.

   Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кенжебек Нұрбеков жұбайлардан мазалайтын мәселелерді сұрап білді. Әскери қызметтің қызығы мен қиындығына өзара түсіністікпен қарауды өтінді. Ерінің еңсесінің көтеріліп, абыройының артып жүруі көп жағдайда әйелге байланысты екенін баса айтты. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен өткізілген шараға белсенді қатысқандарға бөлім командирінің алғыс хаты табысталды. Бөлімнің қолбасшылығы Түркістан облысының Арыс елді-мекеніне жауынгерлік міндеттерін орындауға барған және енді баратын әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөлді. Олардың үйлерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша әйелдер кеңесінің мүшелері аралап, тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Тұрмыс барысында көмек қажет болған жағдайда жеке құрамның тарапынан көмек көрсетілетіні де тілге тиек етілді.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи