Әскерилер суицидтің алдын алу жолдарын саралады

Өткен аптада Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетінде ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының алғашқы ведомствоаралық конференциясы өтті. Жиынның негізгі міндеті әскери қызметшілер арасында  өз-өзіне қол жұмсаудың, суицид оқиғаларының алдын алуға бағытталған бірыңғай көзқарас пен өлшемшарттарды әзірлеу болды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің жауынгерлік және моральдық-психологиялық дайындықтарын ұстап тұру жөнінде мәселелер кеңінен талқыланды.

Басқосуда ең алдымен Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов сөз сөйлеп, отырыстың мән-маңызына тоқталды. Ол қазіргі қорғанысымыз бен Қарулы Күштеріміздің ахуалын әңгімелеп, әскерилердің психологиялық әзірлігі әркез басты назарда болуы қажеттігін жеткізді. Содан кейін Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетінің басшысы генерал-майор Асхат Рыспаев оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырып, тақырып аясындағы шаралар университетте де жоғары маңызға ие екенін айтты.

«Барлық ведомстволардың азаматтарды іріктеу өлшемшарттары сан алуан. Бұл оларды әскери қызметке шақыру кезінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Бізге азаматтарды шақыру кезінде барлық әлеуетті құрылымдарға арналған бірыңғай іріктеу әдісін енгізу, заманауи шынайылыққа сәйкес келетін жаңа психологиялық тестілер әзірлеу қажет. Азаматтарды шақыру кезінде «Ақ сұңқар» әмбебап психологиялық кешеннің нәтижелерін ескеру керек» деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев жиын барысында. Конференцияда Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері, Астана қаласының Орталық әскери-клиникалық госпиталі, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұланы мен Мемлекеттік күзет қызметінің жетекші әскери психологтары, сонымен қатар, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының өкілдері сөз сөйледі.

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы:

– Суицид мәселесі бар және көптеген шет елдерде өршіп тұр. ҚР Қарулы Күштері бір орында тұрған жоқ. Суицидтің алдын алу бағытында өзге елдердің тәжірибесін зерделеуде, жаңа технологияларды меңгеруде және өздерінің қызметінде пайдаланады. Жыл сайын әскери бөлімдерде суицидтің үрдісі төмендеуде. Әскери қызметшілер арасында суицид оқиғаларын болдырмау мақсатында жаңа профилактикалық шараларды әзірлеу қажет. Білім беру мекемелерімен бірлесіп, ұдайы негізде әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша оқушыларға арналған бірқатар іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтар өтуде. Онда оқушылар практикалық және теориялық білім алады. Әскери оқу-жаттығу лагерлеріне шығады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"