Әскерилер бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады

Радиоэлектроника және байланыс  әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Асқар Мұстабековтың ұйымдастыруымен, жылдағы дәстүрге айналған тәртіп бойынша 5 курс курсанттары мен институттың әйелдер кеңесі Алматы қаласының «Үміт үйі» атты балалар үйіне барып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.

Балалық шақ – бұл қуаныш, жаңа сезімдер мен ғажайып ертегі әлемі ... Дегенімен, өкінішке орай барлық бала ондай сезімге бөлене бермейді. Шыр етіп дүниеге келген кезден бастап, балалар үйінде балалық шақтарын өткізетін  бүлдіршіндер жетімдіктің ауыр жүгін арқалап жүреді емес пе? Біздің  балалар үйінің бүлдіршіндеріне қаншалықты қамқорлық жасағанмен, аяулы                              ата-анасының жүрек жылуларына жетпейтіні сөзсіз. 

Дегенмен, Радиоэлектроника және байланыс  әскери-инженерлік институтының бастығы полковник А. Мұстабеков басқарып отырған ұжымның офицерлері, келісімшарттағы әскери қызметшілері, ҚР ҚК қызметкерлері және курсанттары өз қамқорлықтарына алған балалар үйінің бүлдіршіндеріне тосын сый жасауды дәстүрге айналдырған.

Балалар үшін ең көңілді, жазғы  мереке – Балаларды қорғау күні. Бұл мереке  балалардың өміріндегі есте қалар, қайталанбас көңіл-күй  сыйлайтын мерекелердің бірі болғандықтан, Радиоэлектроника және байланыс  әскери-инженерлік институтының 5 курсанттары мен институттың әйелдер кеңесінің төрайымы Ақбота Мұстабекова  балалар үйіне кеңсе заттарын, ал балаларға сыйлықтарын, тәтті торттарын алып, кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Бұл жолы 5 курс курсанттарын дайындаған батальон командирі подполковник А.Қожахметов және рота командирі аға лейтенант  Н.Балтабаев балалардың назарына өздері әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сахна төріне шығып ән шырқаған курсанттарға кішкентай бүлдіршіндеріміз қосылып, бірге көптеген әндер шырқалды.

Курсанттарымыз өздері алдын-ала дайындап келген қызықты ойындарын ұсынып, қатысушылар мен жеңімпаздарға ойыншықтар таратты.  Сәбилермен бірге ойнап, өздері де балалық шаққа саяхат шеккендей болды. Бүлдіршіндердің күлкісіне бөленген көңілді кешті аяқтаудың сәті де келіп жетті. Курсанттарымыз кішкентай бүлдіршіндермен қимастай қоштасты.

Алматы қаласының Білім басқармасы «Үміт үйі» балалар үйінің басшысы Сандуғаш Жуанышбаева балалардың көңіл-күйін көтеріп, мереке сыйлағандары үшін институттың басшылық құрамы мен курсанттарына алғысын білдірді.

Кездесу соңында әйелдер кеңесінің төрайымы Ақбота Мұстабекова балалар үйінің ұжымына: «Дүниеге бала әкелгеннен кейін оны қорғау, білім беру, тәрбиелеу әрбір ата-ананың борышы. Ал, балалар үйіндегі бүлдіршіндерді қорғау, білім беру, тәрбиелеу міндеті сол мекеменің басшысы мен тәрбиешілеріне жүктелген. Сіздердің бала тәрбиелеудегі еңбектеріңізге табыс, шыдамдылық, үлкен жүрек пен мейірімділік тілейміз! Сіздер тәрбиелеп, өсірген балалар тек қана биік шыңдардан көріне берсін!»,- деген алғыс сөзін айтты.

 

Капитан Ж.Сыдықова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"