ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әскери ынтымақтастық нығайып келеді

Әскери ынтымақтастық нығайып келеді

Осы аптада Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2017» оқу-жаттығуы басталды. Оған Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың тақырыбы ұжымдық қауіпсіздік өңірінде шекара маңындағы қарулы жанжалдарды шешу жағдайларында ҰҚШҰ ҰЖДК-ның контингенттерін қолдану болып табылады.

 

Салтанатты ашылуы

Армения Республикасының «Баграмян» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2017» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Өзара іс-қимыл – 2017» ағымдағы жылғы қазан-қараша айларында Ресей, Армения, Қазақстан және Тәжікстанның аумағында бірыңғай түпкі ниет бойынша бірізді өткізілетін «Жауынгерлік бауырластық – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының екінші кезеңі болып табылады.

Оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ның біріккен штабы, ҰЖДК-ның қолбасшылығы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының мүше мемлекеттерінен басқару органдары мен әскери контингенттер, оның ішінде, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жедел тобы және Қазақстан Республикасынан 37-десанттық-шабуылдау бригадасының парашюттік-десанттық ротасы тартылды. Одан басқа, оқу-жаттығуға Қызыл Крест Халықаралық комитетінің өкілдері қатысуда.

Оқу-жаттығуды аша отырып, Армения Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мовсес Акопян армян жерінде қатысушыларды құшақ жая қарсы алып, еліміздердің арасында, оның ішінде, әскери салада достастық қарым-қатынастың әрі қарай нығая түсуіне сенім білдірді. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Юрий Хачатуров өзінің сөз сөйлеуінде Ұйымның ұдайы ұлғайып келе жатқан мәнін және ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің барлық іс-шараларға белсене қатысып жатқанын жеке атап өтті.

 Оқу-жаттығу жетекшісі, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Оңтүстік әскери округі әскерлерінің қолбасшысы генерал-полковник Анатолий Дворников ҰЖДК шеңберінде өткізілетін мұндай оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ның барлық мүше мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепелі бола алатынын атап өтті.

 Қазақстан Республикасынан әскери контингентті басқарған Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Талғат Қойбақов оқу-жаттығудың басталуын айтып өтті.

«Қазақстанның егемендігі мен аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштердің жоспарлы дайындығымен қатар қызметіміздің басты бағыты еліміздің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес әскерлердің тапсырмаларды орындауға әзірлігі болып табылады.

«Өзара іс-қимыл – 2017» оқу-жаттығуы ҰЖДК-ның басқару органдарының үйлесімділігін арттыру мен коалициялық топтамаларды іс жүзінде қолдану кезінде өзара іс-қимылды жетілдіруде кезекті қадам болатынына күмән келтірмеймін», деді ол.

 Армения Республикасының «Баграмян» полигонында өтіп жатқан «Өзара іс-қимыл – 2017» оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы 13 қазанға дейін жалғасады.

Жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау

 «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы барысында әскери контингенттерді басқару органдарының өкілдері жауынгерлік өкімдерді алды және жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлауға кірісті. Бұдан бұрын атап өтілгендей, «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының ниетімен ҰҚШҰ-ның шартты мемлекеттерінің бірінің аумағына бірнеше диверсиялық барлау топтары құрамында заңсыз қарулы құралымдардың ену әзірлемесі қарастырылған Алдыңғы «Іздестіру-2017» оқу-жаттығуы барысында Ұжымдық жедел ден қою барлау органдарының күштері мен құралдарын қолдану пысықталды.

Қарулы қақтығысты оқшаулау жөніндегі әрі қарайғы тапсырмалар «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы шеңберінде орындалады. Жауынгерлік қолданудың шартты ауданына ҰҚШҰ елдерінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ҰЖДК-ның құрамына кіретін бөлімшелер, оның ішінде, 37-десанттық-шабуылдау бригадасының парашюттік-десанттық ротасы алмастырылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 2500-ден аса әскери қызметші қатысуда. 500-ге жуық бірлік қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде, 25 ұшақ пен тікұшақ тартылатын болады. Қарсыластың анағұрлым ықтимал іс-әрекетінің сипаты туралы барлау мәліметтері негізінде бөлімшелер күштер мен құралдарды жауынгерлік қолдануға жауынгерлік өкім алды. Бұл ретте әскерлердің алдыңғы іс-қимылдары Арменияның әртүрлі өңірлерінде жүргізіледі және әртүрлі сипатқа ие.

Атап айтқанда, марш жасау, тактикалық әуе десантын түсіру, қорғаныс ұрысын жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау мен жою, кепілге алынғандарды босату. Құрамы коалициялық қағидат бойынша құрылған басқару пункттерінже шешім қабылдау, басқаруды, өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша үздіксіз жауынгерлік жұмыс жүргізілуде.

 «Кез келген бірлескен операцияның маңызды мәселесі өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады. Осыған орай, офицерлеріміз әскерлердің көпұлтты топтамалар құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлауды оқып-үйреніп жатқандары өзекті болып табылады», - деп Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінен жедел топ жетекшісі полковник Виктор Житник атап өтті.




Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?