Әскери теңізшілер курстық тапсырмаларды пысықтауда

Әскери-теңіз күштерінде корабльдердің жауынгерлік бөлімдері құрамында корабльді ұйымдастыру және оны ұрыс пен жорыққа дайындау жөніндегі курстық тапсырманы пысықтау шеңберінде жеке құрамның үйлесуі жалғасуда.

Курстық тапсырманы пысықтау кезеңінде әскери теңізшілер өзінің арналуына сәйкес корабльдің ұсталуын, қару мен техникалық құралдардың пайдаланылуын, сондай-ақ корабльді, арнайы кезекшілік және вахталық қызметтердің ұйымдастырылуын регламенттейтін құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізуде. Бүгінгі таңда корабльдік бөлімшелердің үйлесуі жүйесінде 180-нен аса жауынгерлік корабльдік, жалпы, жеке және оңаша оқу-жаттығулар өткізілді. Оның қорытындысы бойынша «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы үздік атанды.
«Бұл барлық экипаждың еңбегі. Алайда, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблі байланысының жауынгерлік бөлім жөніндегі командирі аға лейтенант Қазбек Тәукелов пен электр механикалық жауынгерлік бөлім командирі аға лейтенант Фарухжан Розметовтің ерен еңбегін айрықша атап өткім келеді», - деді «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің командирі капитан-лейтенант Руслан Яхьяров.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"