Әскери теңізшілер жүзушілермен бірлесіп Армия ойындарына дайындалуда

Биылғы жылдың тамыз айында Каспий теңізінің ресейлік су айлағында өтетін халықаралық Армия ойындарына ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері «Орал» кораблінің экипажы тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«Орал» кораблі әуеде, теңізде және су бетінде қалқып жүретін миналарды нысанаға алу бойынша практикалық атыстарды орындады. Әр тәжірибелік ату дайындығы барысында жеке құрам өз машығын арттырып, нәтижелерді жақсартады. Корабль экипажы практикалық атыспен қатар теңіз биатлоны жарысының «Құтқару даярлығы» кезеңі үшін жүзушілерді барынша даярлауды өткізеді. Жүзушілер үрлемелі құтқару бөгеті дейін 50 метр жүзіп барады. Байқаудың шарты бойынша жүзіп жеткен адам бөгетті аударып, мәреге дейін жүзіп өтуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық Армия ойындары-2016 аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері «Каспий кубогы – 2016» (теңіз биатлоны) теңіз конкурсына қатысады. Аталған биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер анықталды. Байқауға қатысатын негізгі корабль «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблі, ал қосалқы – «Сарыарқа» кораблі. Бұл экипаждардың құрамы 33 адамды құрайды. Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК командасы «Каспий кубогы» байқауына бірінші рет қатысты. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша біздің команда екінші орынға, сондай-ақ күміс алқа мен «БЛ-680» жылдам жүзетін қайыққа ие болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"