Әскери теңізшілер жиын-жорыққа шықты

Әскери теңізшілер жиын-жорыққа шықты

2018 жылға арналған Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы «Сарыарқа», «Орал» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері құрамында Каспий теңізінің қазақстандық секторының су айдыны арқылы жиын-жорыққа шықты.

Жиын-жорық барысында корабльдердің экипаждары бірқатар корабльді-жауынгерлік оқу-жаттығуларды, оның ішінде, шынжыр арқаннан шегіну,  жаға маңындағы тарлықта  корабльдің жүзуі, жүрісте вахтаның ауысымын ұйымдастыру, корабльдің орнын анықтау, корабльді теңізге арқандап байлауға, корабльдер тобының бірлесіп маневрлеуі, семофорды пайдалана отырып, ақпарат тарату, апаттық корабльді тастап кету, корабльдің жандылығы үшін күресу, күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда корабльдің жүзуін өткізді. Жиын-жорық қорытындысы бойынша корабльдердің экипаждары қойылған тапсырмаларды толық көлемде орындады.  

«Мұндай жиын-жорық корабль экипаждарына практикалық машықты жинақтауға мүмкіндік береді, Әскери-теңіз күштері жүзу құрамының жауынгерлік машығы деңгейін арттырады», - деді жиын-жорық штабының бастығы 3-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства