Әскери теңізшілер армия ойындарына дайындалуда

Әскери теңізшілер армия ойындарына дайындалуда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Маңғыстау» кемесінің экипажы тамыз айында Әзірбайжан елінің Каспий теңізі акваториясында өтетін Халықаралық армиялық ойындарына дайындықты бастап кетті.

«Теңіз Кубогі» сайысында Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын «Маңғыстау» кемесі қорғайтын болады. Оның құрамына 65 әскери қызметші кіреді. Олар сайыстың үш түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, кеменің мақсаты бойынша қолданылуы (артиллериялық оқпен атыс), кеменің сақталуы үшін күрес және теңіз машықтылығы мен құтқару жұмыстары сайысы.

Осы күндері «Маңғыстау» кемесінің экипажы әуедегі, теңіздегі нысаналар бойынша атыс жаттығуларын жасап, жүзіп жүрген миналарға қарсы тұру бойынша дайындықтар жүргізуде. Әрбір жаттығу сайын жеке құрам өз біліктілігі мен үйлесімділігін арттырып, тәжірибелерін арттыруда.

Аталмыш сайысқа қатысуға Каспий маңы елдерінің су сыйымдылығы 1000 тоннадан аспайтын кіші кемелерінің қатысуына рұқсат етілген. Шарт бойынша олардың артиллериялық және атыс қаруларымен қоса, құтқару шараларын орындау үшін кіші көлемдегі жүзу құралдары (катер, шлюпка) болуы тиісті. Бұл Ресей Федарциясы, Иран Ислам Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кемелеріне қатысуына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, «Теңіз Кубогы-2019» (әскери биатлон) сайысы 2019 жылғы Халықаралық армиялық ойындарының бағдарламасына енген және осы сайысқа Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері қатысатын болады.

Капитан Рүстем Игісінов,

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи