Жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде командалық-штабтық
оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу мақсаты Каспий теңізінің қазақстандық секторын күзету, яғни тәуелсіз еліміздің теңіздік шебін қорғау жолындағы әзірлікті пысықтау болды.
Оқу-жаттығуды пысықтау барысында бөлімшелер арасында «Орал» зымыран-артиллериялық кемесінің экипажы жоғарғы жауынгерлік әзірлігін көрсете алды, атап айтсақ кеме командирі капитан-лейтенант Аскар Капашевтың жеке жауапкершілігі мен кәсіпқойлығының анағұрлым басым екендігі айқындала түсті.
Аталған оқу-жаттығу барысында барлық бөлімшелер жеке құрамы өздерінің жауынгерлік дайындығын шыңдай, біліктілігін арта түсті, көзделген мақсатқа қол жеткізілді.
Капитан Ж.Тұяқбаева