Әскери-теңіз күштерінде арнайы мақсаттағы бөлімшелермен далалық шығу аяқталды

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде арнайы мақсаттағы бөлімшелермен далалық шығу ұйымдастырылды және өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары алынған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде барлау топтары жеке құрамының машықтарын жетілдіру, дағдарыс ахуалдары мен жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру болды. Далалық шығу барысында негізгі күш-жігер тактикалық-арнайы, атыс, әскери-медициналық дайындық және әскери топография бойынша сабақтарға бағытталды. Онда оқып-үйренушілер өздерінің мамандықтары бойынша жақсы білімдерін паш етті. Бөлімшелер іс жүзінде жеке құрамды жинау, барлау бөлімшелерін дайындау, оқу-жаттығу орталығына марш жасау, палаткалы қалашықты абаттандыру, сабақтарды өткізу үшін оқу орындары мен аудандарды дайындау жөніндегі іс-шараларды пысықтады. Аталмыш іс-шараның қорытындысы шартты қарсыластың объектісіне шабуыл жасау ретінде барлау тобының барлауды жүргізу тәсілін іс жүзінде дайындау болды.
«Далалық шығу бізде ұдайы негізде өткізіледі және жауынгерлік даярлықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Аталмыш шара бөлімшелерді дайындау деңгейін бақылау, бағынысты жеке құрамды оқытудың жаңа үлгілері мен тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. Әрбір практикалық сабақтарда біз әскери қызметшілердің кәсіби машықтарын, олардың төзімділіктерін, моральдық-психологиялық шыдамдылықтары мен өз ісіне деген адалдықтарын жетілдіреміз», - деді 35950 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерлан Завгарин.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"