Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметіне – 9 жыл толды

2008 жылы 3 наурызда құрылып, еліміздің Батыс өңіріндегі Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі 9 жылдығын атап өтті.

Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қызметінің негізгі мақсаты -
Әскери-теңіз күштерінің және Каспий теңізі ауданы мен аймағындағы Қарулы Күштеріміздің басқа да түрлерін навигациялық-гидрографиялық және топогеодезиялық қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу, сонымен қатар теңізде, теңіздік экономикалық аймақта, ішкі теңіз суларында адам өмірін сақтау жөніндегі халықаралық міндетемелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында теңіздегі іс-әрекетті навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қызметі өз мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет атқарады:

Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында навигациялық жабдық жүйесін дамытады.

Теңізде гидрографиялық, геофизикалық зеттеулер жүргізеді, осы зерттеулердің негізінде оларды картаға түсіреді.

Теңізде кеме қатынасына қауіп төндіретін навигациялық ахуалдың өзгеруі туралы теңізде жүзушілерді хабардар етеді.

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының халықаралық теңіз ұйымымен халықаралық келісім аясында Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қызметінің аудиті жүзеге асырылды.

Гидрографиялық қызметтің жас мамандарының, атап айтсақ капитан-лейтенант Ардақ Батыховтың қолдауымен, ұйымды және оның Кспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет барысын жоғарғы деңгейде көрсете алдық.

Бүгінде кемелеріміздің жөн сілтеушісі және кейбірі тіптен 19 ғасырдан қалған жәдігеріміз болып табылатын «Борлы», «Құмды», «Жоғарғы Түп-Қараған», «Төменгі Түп-Қараған» және «Қызыл өзен» сияқты маяктарымыз осы аталған қызметтің қарамағында. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"