Әскери-техникалық мектебінің курсанттары отанға адал болуға серт берді

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің  200-ге тарта тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады.

22 мен 27 жастағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш, оқшашаршы мамандықтарын меңгеруге оқытып-үйретті. Жас жауынгер курсы әскердегі мерзімді қызметті алмастырады. Оны аяқтағаннан кейін бітірушілер әскери билетке қол жеткізеді. «Біз тактикалық, дене және атыс даярлығынан өттік. Автоматты жинап, шашып, оқ атуды үйрендік», - деді тәрбиеленуші Нұрбол Мұхтарұлы.

Аталмыш іс-шараны өткізу бағдарламасында 200-ге жуық курсанттың дефилесі, АК-74 автоматын жинап-шашу, «Әскер» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуімен қоян-қолтық ұрыс өткізілді. Әскери-техникалық мектептегі  оқу 40 күнге созылады. Оның қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер сертификат және әскери билет алады. Алматыда әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу жылына 7-8 рет өткізіледі. ӘТМ-ге оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеуді Алматы қ. жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Алматы қ. әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілердің ең көп санын түлетіп шығарады.  Қазақстанда мектептің 15 филиалы бар.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"