Әскери сыйластық – алға жылжу кепілі

Әскери қызметшілердің тәрбие бойынша жұмыстарын түбегейлі жақсарту бойынша алдын алу жұмыстарын белсендіру үшін армиямыздың жауынгерлерін тәрбиелеуге барлық идеологиялық әрекет ету құралдары қойылған.

Мәдени және идеологиялық тәрбиелеудегі тапсырмаларды орындауда 78460 әскери бөлімінің жеке құрамы көптеген жұмыстар атқаруда. Өйткені қазіргі қоғам өркендеуді, өрістеуді талап етеді. Жалпы, сарбаздармен және жеке құраммен жұмыс істеуде табандылық пен күш-жігер керек. Сондай-ақ күнделікті тұрмыс-тіршілігін бақылауда тәрбиешілермен қатар, сержанттардың да рөлі маңызды. Әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын орындауына сарбаздармен бірге жүріп, бір қатардан табылатын сержанттар қауымы олардың қажеттіліктерін командирлерден кем білмейді. Сол себепті жауынгерлік дос жүйесінің сапалы болуы үшін түсіндіру, насихаттау іс-шаралары өткізіліп тұрады. Әрбір жексенбі сайын сарбаздардың ата-анасымен телефон арқылы сөйлесулерін бақылап, қиындығы мен қызығы мол әскери өмірдің әрбір сәттерін жүйелеп өткізу үшін тәрбие жұмыстарының қажеттілігі зерделенеді. Өйткені әскерге баласын жіберген ата-ана ұлы үшін қамығып, уайымдауы керек. Ертеңгі елдің болашағы, арқа сүйер азаматы екендігін, өмірдің ыстық-суығына төзе білу керектігін саналарына сіңіріп, айбынды етіп тәрбиелеу бізге де пайдалы.

Күн тәртібі бойынша жеке тәрбие сағаттарында батыр бабаларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерліктерін жеткізіп, слайдты ілестірулер, фильмдер көрсетіледі. Әскери бөліміміздің салт-дәстүріне айналып кеткен рухани азық ретінде жеке құраммен қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысу алғашқы орында біз үшін. Театр, кинотеатр, футбол матчтарына, музейге, сондай-ақ, парктерге қыдырулар жолға қойылған. Ардагерлерге құрмет ретінде бөліміміздің ішінен ардагерлер үйі ашылып, сарбаздармен кездесулер ұйымдастырылуда. Тәрбиелік маңызы зор мұндай кездесулер сарбаздардың сана-сезіміне серпін берері сөзсіз. Бөлім командирі полковник Нұрлан Таусаровтың жеке құрамды тәрбиелеудегі ұстанымдары маңызды межелерге негізделген. Рухани бай, санасы сергек, дене бітімі қалыптасып ширыққан сарбаздың болашағымызға қиядан жол салатынына күмәніміз жоқ.

                                                      78460 әскери бөлімі сержант – нұсқаушысы

3-ші сыныпты сержант Д.Исабаев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"