Әскери салада еңбектеніп жүрген нәзік жандылар

Бүгінгі таңда нәзік жанды аруларымыз қоғамымыздағы барлық жауапты қызметтерді ер-азаматтармен бір деңгейде атқарып жүргеніне куәміз. Әр салада өзінің ісін дөңгелетіп жүрген әйелдер еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Соның бірі – әскери прокуратура саласы.

Әскери салада еңбектеніп жүрген нәзік жанды қауымның жұмысы тиянақтылықты және ұқыптылықты қажет ететіні әуелден-ақ белгілі. Бұл ретте әскери прокуратура саласының ардагері – әскери прокуратура органдарындағы полковник атағында зейнетке шыққан жалғыз әйел адам Жәния Әлімовадан бастасақ дейміз.

Әр жылдары транспорттағы қылмыстық істерді тергеумен айналысып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жауапты қызметтер атқарып Бас әскери прокурордың аға көмекшісі лауазымынан зейнетке шыққан. «I дәрежелі Прокуратура озаты» прокуратура үздігі белгісіне ие.

Қазіргі күні заң ғылымдарының кандидаты Жәния Әлімова ұстаздық қызметпен қоса ғылыми жұмыстармен айналысуда.

Өз қызметін әр жылдары Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының бас маманы, әскери прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі лауызымдарын атқарып, Бас әскери прокурордың «Азаматтардың өтініштерін қарау туралы» заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша көмекшісі қызметін мүлтіксіз атқарған әділет подполковнигі Сүлейменованы атап өтуді жөн санап отырмыз. Әріптестері Алма Оралбайқызын өз ісінің шебері ретінде біледі. 2011 жылы ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгісімен марапатталуы осыған дәлел. Кейіпкеріміз әскери прокуратура органдарының құжат айналымы саласында өз ісін толық меңгеріп, қарамағындағы қызметкерлерін егжей-тегжейіне дейін үйретті. Талапшылдығы, жұмысына деген адалдығы мен тиянақтылығының арқасында әскери прокуратура органдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Бүгінгі күні әскери зейнеткер Сүлейменова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Call-орталығының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Өз кезегінде Құқықтық статистика саласында бас маман, тергеу заңдылығын қадағалау, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің және мемлекеттің мүддесін сотта өкілдік ету заңдылығын қадағалау салаларында әскери прокурор, аға әскери прокурор болып қызмет атқарған әділет майоры Бүркітова әскери прокуратура органдарында қызмет еткен жылдарын сағына еске алады: 1999 жылдың аяғында Бас әскери прокурордың орынбасары Болат Тазабековпен бірге бірталай қызметкерлер еліміздің елордасы Астана қаласына көшірілді. Өз отбасымызды Алматы қаласында қалдырып, жұмыс кабинеттерінде тұруға тура келді. Сол кезде, Бас әскери прокурордың құқықтық статистика бөліміне қойған талабы – әскердегі қылмыс жағдайы мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету еді. Бұл мәселені шешу жолында кең байтақ жеріміздің батысы мен шығысына мыңдаған шақырым жолдарға да шықтық. Бірақ дәл осы жылдар менің адам әрі маман ретінде өсуіме, өзгеруіме, дамуыма септігін тигізді. Ерғали Серікбайұлына Бас әскери прокуратураның дәстүрін жалғастыра отырып, офицер-әйелдердің қызметін жоғары бағалап, оларға қолдау көрсетіп отырғанына ризашылығымды білдіремін».

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарына 23 жыл ғұмырын арнаған Виталина Севидованы да әріптестері құрмет тұтады. Бас әскери прокуратураның кадр жұмысының басқармасында бас маман, әскери прокурор, аға әскери прокурор лауазымдарын атқаруда өзінің бір беткейлігі, кәсіби біліктілігі мен тәжірибелігі нәтижесінде маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Өз қызметінде бірқатар табыстарға қол жеткізген Виталина Петровна Бас Прокурордың және Бас әскери прокурордың тарапынан марапатталған.

Сот саласын бүге-шігесіне дейін білетін Сәуле Айтжанова да өзінің жұмысына жауапты қарайтын жан. Сонау 1993 жылы Ақмола облысы сол кездегі Ақмола қаласы прокуратурасы тергеушісінің көмекшісі ретінде «ә» деп қадам жасаған ол, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бойынша Бас әскери прокурордың аға көмекшісі қызметінен ардақты демалысқа шықты. Әділет майоры Сауле Шаманқызы сот шешімдерінің заңдылығын қадағалайтын маман ретінде өзін жоғары деңгейде көрсете білді.

Бас әскери прокурор аппаратының аға әскери прокуроры Жангүл Жаубасова жоғарыда аталған ардагерлермен бірге істеп, сол кісілерден тәжірибе алған жан. Ол үнемі «менің кәсіби өсіп өнуіме үлкен үлес қосқан Жәния Қайролқызына, Алма Оралбайқызына, Гүлнар Шымкентбекқызына, Сәуле Шаманқызына, Виталина Петровнаға айтар алғысым шексіз», деп отырады. Иә, айтса айтқандай-ақ, бұл кісілердің жоғары кәсіби біліктілігі, жауаптылығы мен тиянақтылықтары қазіргі кезде әскери прокуратура органдарында қызмет атқарып жатқан жас мамандарға үлгі.

Осындай ерлік пен батылдық, жұмысқа деген адалдық пен қайраттылық көрсеткен ер азаматтардан қалыспай әскери қызметті атқарған нәзік жандылар аман болсын деген тілектеміз.

 

Меруерт Кәрімова,

                                                                                                                                    Бас әскери прокуратурасының

Басқарма әскери прокуроры 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"