Әскери қызметшілердің үйлерін аралады

Әскери қызметшілердің үйлерін аралады

2017 жылдың 13-22 ақпан аралығында отбасылық шиеленістерді ескерту, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына жол бермеу жөніндегі онкүндіктің аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі әскери қызметшілердің үйлерін аралады.

   Әскери қызметшілердің отбасыларын тұрғылықты мекен-жайы бойынша әйелдер кеңесінің мүшелері аралады. Олар енді ғана шаңырақ көтерген, сәбилі болған, көп балалы, екінші деңгейдегі банктерден несие алған, борышкер, өзге де қиындықтары бар әскери қызметшілерге ерекше мән берді. Аға сержант Бақытгүл Закирова, аға сержант Нұргүл Рысханова, сержант Гүлжан Жашибаева, сержант Назгүл Қырықбаева, сержант Юлия Лобанова, кіші сержант Гүлфат Рафикова, ефрейтор Жаннұр Рахметова, ефрейтор Әсел Абдилова, ефрейтор Томирис Жумина-Оганджанян, қатардағы Меруерт Увалиева, қатардағы Арайлым Майлыбаева, қатардағы Елана Қырғызбаева әскерилердің тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Жұбайларымен бетпе-бет әңгімелесіп, үй ішіндегі хал-ахуалды сұрап білді. Мазалайтын мәселелерді ден қойып тыңдады. Әскерилердің үйлерін арнайы аралаудың маңыздылығына тоқталды. Әрі әскери қызметтің қызығы мен қиындығына өзара түсіністікпен қарап, ерінің еңсесінің көтеріліп, абыройының артып жүруі көп жағдайда әйелге байланысты екенін де түсіндірді. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений