Әскери қызметшілердің үйлерін аралады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің үйлерін аралау шарасы жалғасын тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Әскери қызметшілердің отбасыларын тұрғылықты мекенжайы бойынша бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Бушанұлы Біләлов пен әйелдер кеңесінің мүшелері аралады. Олар енді ғана шаңырақ көтерген, сәбилі болған, көп балалы, әсіресе екінші деңгейдегі банктерден несие алған, борышкер, өзге де қиындықтары бар әскери қызметшілерге ерекше мән берді. 

Әскерилердің тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Жұбайларымен бетпе-бет әңгімелесіп, үй ішіндегі хал-ахуалды сұрап білді. Мазалайтын мәселелерді ден қойып тыңдады. Әскерилердің үйлерін арнайы аралаудың маңыздылығына тоқталды. Әрі әскери қызметтің қызығы мен қиындығына өзара түсіністікпен қарап, ерінің еңсесінің көтеріліп, абыройының артып жүруі көп жағдайда әйелге байланысты екенін де түсіндірді. 

Бұл жолы лейтенант Маъруфжан Махмудов, лейтенант Дархан Кесікбаев, лейтенант Ақылбек Сәбитов, майор Максим Илькин, кіші сержант Бекболат Ербосынов, старшина Болат Қоқымбаев, ефрейтор Эльдар Уйсенов шаңырағында болды. Алдағы уақытта бірқатар жас лейтенанттардың отбасын аралау міндеті тұр.

 Майор Думан БІЛӘЛОВ, 44736 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары: «Тәртіп пен тәрбиені күшейту – уақыттың талабы. Әскери қызметшілердің жан дүниесіне үңілу, олардың арасында өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділерді анықтау, психологиялық көмек көрсетіп, төзімділігін арттыру, әрқайсысының отбасындағы жай-күйді байқап, әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін зерттеу оңай шаруа емес. Бұл ретте отбасы мүшелерінің әскери қызметке түсіністікпен қарағаны, ұстамдылығы мен төзімділігі, жылылығы мен мейірімділігі, әрі қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұра білуі аса маңызды».

 Аға сержант Бақытгүл ЗАКИРОВА, 44736 әскери бөлімі әйелдер кеңесінің төрайымы: «Бүгінгі күні әйелдер кеңесіне мол міндет жүктеліп отыр. Көп балалы әскерилерге, енді ғана шаңырақ көтерген жастарға, тұрмысы нашар және мерт болған әскерилердің отбасыларына үнемі көмек көрсету, мерекелік іс-шараларға отбасы мүшелерін тарту, әскерилердің денсаулығына қамқор болу, қамқорлыққа алынған мекемелермен өзара байланысты нығайту және тағы-тағылар бар. Әйелдер кеңесінің жұмысын қазіргі заманның ыңғайына, талабы мен талғамына қарай әрдайым жетілдіріп тұру аса маңызды».

 

   ТАРИХИ ДЕРЕКТЕН: 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басында Кеңестер Одағында әуе қорғанысы мен стратегиялық маңызы зор жаңа әскери бірлестік -ракеталық бөлімдер құрыла бастады. Осы уақытқа дейін әскерилер негізінен шекараның шеті мен ірі орталықтарда тұрып келсе, ракета әскері үлкен қалалардан шалғай орналасқан гарнизонға орналастырылды. Әскери қалашықтардағы әйелдердің қиын да, күрделі тұрмыс-тіршілігін ескерген КСРО Қорғаныс министрлігінің саяси басқармасы әскери бөлімдер мен гарнизондар орналасқан барлық жерде әйелдер кеңесін құру жөнінде шешім қабылдады. Әйелдер кеңесінде саяси тақырыптарға дәріс оқылды. 

Киім тігу, тоқу, кестелеу, бейнелеу өнері, көркемдеп оқу, сазды және драмалық ұжымдардың үйірмелерін құруға қатысты түрлі шаралар қолға алынды. Әйелдер кеңесінде балалаларға арналған үйірмелер де көптеп ашылды. Гарнизондағы әйелдер ұжымы кеңестік әскерилердің отбасындағы тұрмыстық мсәелелермен шұғылданды: пәтерлердің санитарлық жағдайын үнемі тексеріп, бала тәрбиесінің барысын бақылады. 

Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен жағдайда сот талқысына салуға зор ықпал етті. Көп ұзамай әскери бөлімдердегі әйелдер кеңесінің қызметі күшейіп, кез-келген жерде әйелдер мүддесін қорғай алатын қозғалыстың бір түріне айналды. Осыдан кейін әйелдер кеңесі өзге де әскери бөлімдерде, гарнизондарда, мекемелерде, әскери оқу орындарында, кәсіпорындарда, Қорғаныс министрлігінің барлық ұйымдарында өз жұмысын бастады. Алда тұрған басты міндеттерді жүзеге асыруға қалың бұқараны жұмылдыру мақсатында түрлі секциялар ашылып, жеке бағыттағы жұмыстар жөнінде комиссия құрылды. 

Әйелдер кеңесіне тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөліммен бірігіп, командирлер де қол ұшын созды. Кеңестің мәжілістері аса қажет болған жағдайда ғана өткізілді. 1960-1970 жылдар аралығында ерекше қарқын алған Кеңестік Армияның әйелдер кеңесінің белсенділігі 1980 жылдардың соңында баяулап қалды. Дегенмен қайта құру мен нарықтық қатынасқа көшу кезеңі әйелдер кеңесі қызметінің қайта жандануына негіз болды. Әскердегі әйелдер кеңесінің құрылуы - әйелдер қозғалысының қалыптасу кезеңдерінің бірі. Бұл ұйым әйелдердің Қарулы Күштердегі өз рөлін сезінуіне кең мүмкіндік берді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"