Әскери қызметшілердің қаржылық сауатын арттыру бағытында кездесу өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде Шығыс аймағының әскери прокуратурасы ҚР Ұлттық банкінің Шығыс Қазақстан филиалымен бірігіп әскери қызметшілердің қаржылық сауатын арттыру бағытында кездесу өткізді.

   Ол әскери ортада құқық бұзушылықты сауықтыру және суицид оқиғаларының алдын-алу мәселелері жөніндегі «2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасының»

негізінде жүзеге асты. Банк қызметінің мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру шарасында қарыз беру жөніндегі жалпы сұрақтар, несие беру, жеке тұлғалардың банктегі есеп-шотын блоктау, банк несиесін мерзімінен бұрын толықтай немесе бөліп төлеу кезіндегі қарыз алушының құқықтары, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің көлемі, несиелеу кезіндегі сақтандыру, несие қарызын төлету жөніндегі банк қабылдаған шаралар, банк алдындағы міндет орындалмаған жағдайда төленетін айыппұлдың көлемі, әрі ипотекалық қарыз алушылар мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстар туралы мол ақпарат айтылды. Ұлттық банктің өкілі әскерилердің несиелендіруге қатысты түрлі сауалдарына да жауап берді.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"