Әскери қызметшілердің отбасыларына түсіндірді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуатын күшейту, беделін арттыру барысында әскери қызметшілердің отбасына да зор назар аударылып келеді. Осы орайда Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник С.Кузнецов әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында департамент басшысы тұрғын үй заңнамасына енгізілгелі жатқан өзгерістер және әскери қызметшілердің ақшалай үлесінің артуы, сыныптылық біліктілігіне қосымша үстемақы төленуі бойынша түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар, «отбасы – тәрбиенің бастауы, ел келешегінің кемелдену жолында алар орны айрықша» екендігіне тоқталды. Сол себепті де Отан қорғауды мамандық етіп, маңызды міндеті санайтын әскери қызметшілер үшін жанұядағы береке-бірлік, татулық пен сыйластықтың, отбасы мүшелерінің қолдауының маңызы зор екендігін айтты.
Кездесу соңында әскери қызметшілердің отбасы мүшелері департамент басшысына түрлі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.


Назгүл ШАБДАРОВА
Қостанай облысы Қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
баспасөз қызметшісі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений