Әскери қызметшілердің жоспарлы бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуына 700 техника тартылды

Қарулы Күштерде ҚР ҚК Құрлық әскерлері 21450 және 82796 әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жоспарлы бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Оған 2 500-ге жуық әскери қызметші және шамамен 700 бірлік техника тартылды.

Оқу-жаттығу жоспарына жоғары қолбасшылықпен тосыннан түзетулер енгізіліп, ұдайы орналасу орнынан 700 шақырым қашықтыққа шамалы зерделенген бағдарлар бойынша әскерлердің қозғалысы бойынша тапсырмалар берілді. Автомобильді техниканың жүргізушілері мерзімді қызметтегі сарбаздар болғанына қарамастан, артиллериялық дивизион жүктелген тапсырманы жақсы орындап шықты. Оқу-жаттығу барысында тактикалық тұрғыда үйренушілердің дағдысын арттыруға және барлық жоспарланған іс-шараларды өткізуге қол жеткіздік. 82796 әскери бөлімі жеке құрамының жұмыс нәтижелері жақсы жағынан атап өтілді. Іс-қимылдардың үйлесімділігі мен дәлдігі, оқу нысаналарын жою дәрежесі тұрғысында 21450 әскери бөлімінің жеке құрамы берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.  Сонымен бірге, оқу-жаттығу басшылығы 21450 әскери бөлімі қолбасшылығының «батальон – рота» буыны офицерлерінің оқытылу деңгейіне назар аударды. Осыған байланысты, офицерлер құрамының білімін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. «Оқу-жаттығу бекітілген ниетке сәйкес өткізілді. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткіздік, бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде әскери басқару органдарының әзірлігі мен қабілеттілігінің, өзара іс-қимылы мен далалық машығының деңгейі артты. Әскери қызметшілердің кәсіби дайындығы мен олардың өз Отанын қорғауға моральдық-психологиялық әзірлігі артты», - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"